12
январь
2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары
- Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібін айқындайды.
- Мемлекет білім алу кезеңінде:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші және (немесе) білім алушы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға;
- кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.
- Толық мемлекеттік қамтамасыз ету білім беру ұйымының интернатында тұратын орын, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар мен киім-кешек, тамақ, оқулықтар мен медициналық көмек беруді қамтиды.
- Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алуы кезеңінде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылады.
- Мемлекет білім алу кезеңінде:
- көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
- жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;
- дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларға;
- интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;
- денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, жалпы оқыту білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балаларға;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;
- білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, ортабілімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтарға шығыстарды ішінара өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылық (қамқоршылық) пен патронаттағы адамдар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінде республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен тегін ыстық тамақтану құқығына ие.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет жергілікті бюджет есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.
Тамақтануға кететін шығыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2018 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.