"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 9 сынып
Абай облысы Үржар ауданы "Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 9 сынып оқушыларымен "Мен және менің болашақ мамандығым" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында мектеп психологы Г. Ж. Саменова оқушының мамандық таңдауына арналған тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың мамандық жөнінде түсініктерін кеңейте отырып, таңдаған мамандықтары жөнінде толық ақпарат беру. Таңдау жасай білуге бағыт беру. Сонымен бірге "Мен және менің таңдауым" тақырыбында жаттығулар жасалды.