"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы"КММ-де ҚР Тәуелсіздігінің 30
"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы"КММ-де ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Қайырымды істер марафоны" жалпы ұлттық жобасы акциясы жалғасуда.Акция аясында осы марафонға сәйкес ағылшын тілі пәні мұғалімі Бірлес Дидар бастауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасына азық түлікпен көмек көрсетіп,қайырымдылық жасады.Оқушылардың бойына үлкенді сыйлау,қамқорлық таныту қасиеттерін дамыту үшін, қамқорлық көрсету және көмек беру қайырымды істер марафоны өз жалғасын табуда.