"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 7 сынып
Абай облысы Үржар ауданы "Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 7 сынып оқушыларымен қазақ тілі пәні бойынша аралық емтихан өткізу туралы ақпараттандырылды. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Жилкайдарова Айнаш Кайырбековна аралық аттестаттауды өткізу тәртібімен, емтихан туралы ақпарат берді. Мектеп директоры Бекова Куралай Артыкбаевна аралық аттестаттаудың мақсаты мен міндетін түсіндірді.