💐КӨРІСУ МЕЙРАМЫ! » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа-сад имени Актанберды"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-60-46
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-60-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

💐КӨРІСУ МЕЙРАМЫ!

⚡Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойланатын бұл күні өкпе-реніштеріңіз болса кешіріп, араздықты ұмытып, әрбір жанға амандық-саулық, құт-береке тілеп, Жаңа жылды ақ пейілмен бастаңыз!

⚡Көрісу (Амал мерекесі) – қазақ халқында ежелден келе жатқан, күні бүгінге дейін сақталған дәстүр. Көрісу күнінде адамдар бір-біріне амандасып, жақсылық тілейді, қауышады, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіреді.

⚡Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жыл бастауы – Наурыз мейрамын қарсы алады.

💐Баршаңызды бұл мерейлі мейрам – Көрісу күнімен құттықтаймыз! Бейбіт және бақытты өмір, жақындарыңыздың аман-саулығын, әрбір оң бастамаларыңызда тек сәттілік пен жетістіктер тілейміз!