Құрметті Ақтанберді ұжымы және барша ұстаздар!!! » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа-сад имени Актанберды"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-60-46
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-60-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2021

Құрметті Ақтанберді ұжымы және барша ұстаздар!!!

Құрметті Ақтанберді ұжымы және барша ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі үлгілі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!!!🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
Білім нәрін шәкіртіне сіңірген,
Бірге жылап, бірге күліп жүгірген.
Құттықтаймын, Ақтанберді ұжымы,
Төл мереке- ұстаздардың күнімен!
Осы жолда қанаттарың талмасын,
Асқақтатып ұрпағыңның арнасын.
Өздеріңіз ірге тасын қалаған
Жастарыңыз болашақты жалғасын!🌹🌹