06
октябрь
2025
“Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен “Адалдық дүкені” өз жұмысын жалғастыруда.
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің “Ақтанберді атындағы орта мектеп- бақшасы” КММ- де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен “Адалдық дүкені” өз жұмысын жалғастыруда.“Адалдық дүкенінің” басты мақсаты - қоғамда, мектепте сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін адал азамат ретінде тануға мүмкіндік беру. Бұл сатушысыз дүкен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай- ақ, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы” әсер ететін нысан болып табылады. Ерекшелігі дүкенде сатушы жоқ. Адалдық дүкенінің ашылуына демеуші болып қолдап отырған мектеп ұжымы.Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері А.А.Жуматаева
https://www.instagram.com/reel/DPd1Br8CMY-/?igsh=eWUybmFoNzhxenRz
https://www.instagram.com/reel/DPd1Br8CMY-/?igsh=eWUybmFoNzhxenRz