30
сентябрь
2025
Қарттар күніне орай 6 «А» сынып оқушылары ардақты атамыз - Көкебаев Серікқали Буланбаевичті арнайы құттықтап қайтты
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің “Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы” КММ Қарттар күніне орай 6 «А» сынып оқушылары ардақты атамыз - Көкебаев Серікқали Буланбаевичті арнайы құттықтап қайтты.Ізгі ниетпен барған балаларымыз атамызға қазақтың дәстүрлі өнерін паш етіп, «Текпенкөк» күйін орындап берді. Шара барысында оқушылар үлкенді құрметтеу, сый-құрмет көрсету сынды ізгі дәстүрлеріміздің мәнін сезініп, тәлімді тәрбие алды.Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты ата-әжелерді құрметтеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Сынып жетекшісі: Әйткенова Ә.Б.https://www.instagram.com/reel/DPOU92SCBHh/?igsh=MmpsMWhqZHNpODN0
Сынып жетекшісі: Әйткенова Ә.Б.https://www.instagram.com/reel/DPOU92SCBHh/?igsh=MmpsMWhqZHNpODN0