29
ноябрь
2023
"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ- де 23 қараша күні "Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі" тақырыбында 7-11 сынып қыздары арасында қыздар жиналысы өтті.
Абай облысы Үржар ауданы "Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ- де 23 қараша күні "Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі" тақырыбында 7-11 сынып қыздары арасында қыздар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп мейірбикесі ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологы Г. Ж. Саменова мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат берді. Мектеп тәлімгері А. А. Жуматаева кешкі уақытта көшеде жүрмеу, өзін-өзі ұстау, ерсі қылықтар көрсетпеу керектігін айтып өтті. Қыз бала тәрбиесіне арналған ақпарат беру мақсатындағы өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жасалды.